Жылу маусымына дайын емес жатақхана тұрғындары тексеріліп жатыр
Жаманқұлов көшесіндегі №15 жатақхана қысқа мүлдем дайын емес. Бүгін үйдің жертөлесі мен пәтерлерін аралап шыққан тұрғын үй инспекциясының қызметкерлері осындай шешімге келді. Ғимаратты қысқа дайындау үшін мамандар бұған дейін тұрғындардың қатысуымен жиналыс өткізіп, үйдің басшысын сайлатып, әр пәтерден ақша жинауды тапсырған. Алайда, пәтер иелерінің көбі бөлмелерді жалға беріп қойған. Халықтан қаражат жинау қиын, дейді осы үйдің тұрғыны Райгүл Ещанова. Бүгін жатақханаға Сазды полиция бөлімінің инспекторлары, қалалық мемлекеттік кірістер жөніндегі басқарма мамандары келіп, жалға берілген пәтерлердің тізімін жасады. Енді олардың иелерін анықтауға кіріседі.
Қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы бүгінге дейін қала бойынша пәтерін жалға беріп, бірақ, салық төлемей отырған 500-ге жуық адамды анықтаған. Соның 300-дейі көлденең табысын ресми тіркетіп, қазір заң бойынша салық төлейді.
Количество показов: 2116
Дата создания: 12.08.2016 18:48:56
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>