Ақтөбеде су тасқынына байланысты тұрғындарды эвакуациялау жалғасуда
Бес күннен бері тұрғындар өз күштерімен қызыл сумен алысып әлек. Әкімдіктің штабынан жалғыз арнайы техника келгеніне бір сағат қана болыпты. Жұмысқа кіріскен бойда мына алып техника саз балшыққа батты да қалды. Әкімдік тарапынан берілген көмек бар болғаны осы,-дейді тұрғындар. 28-ші наурыз күні түнделетіп бұл жерді су басып кеткен. Бөгетті жарып келген су 2 метрге дейін көтерілді. Су аласа үйлердің шатырына дейін жетті,-дейді тұрғындар. Абырой болғанда адам шығыны жоқ, тұрғындар мектептерде бала шағаларымен тұрып жатыр. Бес күннен бері судың беті қайтпаған. Әлсін -әлсін көтеріліп кетіп жатыр,- дейді олар .Су тасқына қарсы штабқа бұл ауылдың тұрғындары бірде бір рет хабарласа алмапты. Ондағылармен тілдесу мүмкін емес, телефон тұтқасын көтермейді. Әкімдіктегілер де құрғақ уәдемен сендіріп келеді. Сондықтан, Ақтөберентген ауданының тұрғындары қыруар қаражат жинап техника жалдаған.Сатып алған құмда есеп жоқ. Өз күшіміз жетер емес. Дымқыл тартып тұрған үйлеріміз бұл жер құрғамаса құлап қалуы мүмкін деп қынжылады тұрғындар. Үйлердегі жиһаздар мен техникалар да жарамсыз болып қалған.Количество показов: 528
Дата создания: 04.04.2024 07:41:57