Су тасқынынан зардап шеккендер жатақханаларға орналастырылып жатыр
Осы уақытқа дейін мектепті паналап келгендер енді студенттер жатақханасына көшірілуде. Зардап шеккендердің шығын толық өтеледі. Әйтсе де, баспаналыр тұруға жарамсыз. Қабырғалары шытынап, үйлері суық әрі ылғал температура сақтаулы. Бұл азаматтарға арналған уақытша тұрақтардың бірі-Ақтөбе гуманитарлық колледжінде орналасқан. 1 ші, 2ші, 3ші курс студенттері онлайн білім алуға көшті. Жатақханаға зардап шеккендер орналастырылды. Мектептің спорт залынан жайлы жатақханаға қоныс аударғандардың бірі көп балалы ана Айдана Орынбасарова. Әйтсе де, алты баланың анасының уайымы көп. 28-наурыздан бері қаңғып жүрген ол балаларының болашағына алаңдаулы. Үй суға кеткен келіншектің дүние-мүлкі де қалмапты. Көп балалы ана санаты бойынша баспана кезегінде тұр. Бар үміті үкіметте. Тұрғындардың тілегі бір, тезірек өз үйлеріне оралу. Қиын-қыстау кезеңде қаңғытпай, панасына алған мектеп ұжымына да, колледж басшылығына да алғыстарын жаудыруда. Әйтсе де, "Өз үйім өлең төсегім"- деген жұрт тезірек өз баспаналарына оралуды армандайды.Количество показов: 599
Дата создания: 18.04.2024 06:07:42