Өткен жылы облыстық жергілік полиция қызметі 1300-ден астам қылмыстың бетін ашты. Көбі ұрлық, тонау, бұзалық. Ал жасөспірімдер арасындағы қылмыс 16 пайызға төмендеп, 98 дерек тіркелген. Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Әлиевтің айтуынша, өңірде 2300-ден астам тәртібі нашар отбасы тіркеуде тұр. Полиция қызметкерлері бұл отбасыларды үнемі бақылап, қадағалап отырады. Себебі, ішімдікке салынып, ұрыс-керістен арылмаған шаңырақта 1700-ден астам бала тәрбиеленіп жатыр. Өңірдегі қылмыстық ахуалды жан-жақты жеткізген Қанат Әлиев өздері жиі кезігетін бірқатар мәселелерге тоқталды. Мәселелерді алдымен өзінен бастады. Жұмыс көп, жұмыс істеуге уақыт жоқ. Полиция қызметкерлері де заң бұзады. Өткен жылы 16 полиция қызметкеріне қатысты 14 қылмыстық іс қозғалды. Жеті іс сыбайлас жемқорлықпен байланысты. Әр қылмыстық іс бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, басшылар тәртіптік жазаға тартылды. Қол астындағы қызметкерлермен жеке күреске шыққан Қанат Әлиев әлеуметтік желі арқылы өз телефон нөмірін де таратқан. Жыл басынан бері 100-ден астам қоңырау түсіп, тексерілді. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында аудандардан сайланған депутаттар учаскелік полиция мәселесін қозғады.
Жергілікті полиция қызметі жеке мекеме емес, өз бюджеті жоқ, тіпті, мөр де баса алмайды. Қоғамдық тәртіпті бақылауды басты міндетіне алған полиция қызметкерлеріне көп міндет жүктелгенімен, олардың мүмкіндігі шектеуді. Дегенмен, биыл қомақты қаржы бөлінетін болды. Қанат Әлиев барлық учаскелік полиция қызметкері көлікті болатынын жеткізді.
Количество показов: 1864
Дата создания: 09.02.2017 19:14:09
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>