Жергілікті полиция бастығы Мақсат Шляшев пен орынбасары Ермек Шоқанов кепілмен үйлеріне жіберілді
Полицейлерді қолдауға келгендер арасында қарапайым қала тұрғындары да бар. Барлығы бүгін облыстық прокуратураның алдына жиналды. Шляшев пен Шоқановтың туыстары облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің қабылдауын талап етті. Алайда таңнан жиналған жұрт ақыры ведомоствоның ішіне кіре алмады. Көп күттірмей бұл жерге облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары да жетті. Түскі 12- лер шамасында облыстық прокуратура ғимаратынан кезекші прокурор шықты. Ол жергілікті полиция бастығы Мақсат Шляшев пен оның орынбасары Ермек Шоқановтың кепілмен босатылатынын жеткізді. Прокуратура қаулысына сәйкес, қалалық жергілікті полиция бастығы мен оның орынбасары қылмыстың дер кезінде алдын алмай, кәсіби міндеттеріне немқұрайлықпен қараған. "Қызметте әрекетсіздік танытқан" Шляшев пен Шоқановтың үстінен қылмыстық кодекстің 370-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Количество показов: 1749
Дата создания: 06.01.2017 18:54:00