Жақсылық жаса!
Балзия Мәмбеталина қайырымдылық концертіне немересі Аяжанды ертіп, Шұбарқұдықтан келген. 10 жастағы қыз бала туғанынан зағип. Анасы үш жыл бұрын қайтыс болған. Әжесінің қолында тәрбиеленіп жатыр. Мүгедек бала өсіріп отырған отбасыға бүгін 100 мың теңгенің сертификаты берілді. Қаржылық көмекті ақшадан қысылып жүрген 10 шаңырақ алды. Облыстың медицина қызметкерлері ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай концерт ұйымдастырып, одан түскен қаражатты осылай қайырымды іске жұмсауды жөн деп шешкен. Дәрігерлер сахнада ән айтып, би биледі. Жоқ-жітік отбасы балалары көрермен болды. "25 қайырымды іс" ұранымен ел бойынша өтіп жатқан мұндай шаралар әлі де жалғасын табады.
Количество показов: 1833
Дата создания: 11.02.2016 19:12:15