Қызыл ай қоғамы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті
Қызыл ай қоғамының облыстық филиалы бүгін көктемгі су тасқынында зардап шеккен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті. 47 отбасы алдын ала жүргізілген сараптама нәтижесінде іріктелген. Барлығы 200 адам. Олар жағдайы төмен отбасылар, жетім балалар, мүгедек, жалғыз ілікті қарттар, көп балалы жанұялар, жалғыз басты аналар санатынан. №40-шы мектептің бір бөлмесі төсек-орын, азық-түлік, гигиеналық заттар, ыдыс-аяқ, киім-кешекке толып тұр. Адамдар жеке төлқұжатымен келіп, тиесілі заттарды алды. Ұйымдастырушылар адамдардың алған көмектерін үйлеріне жеткізуі үшін жол шығынын қоса төледі. Әрқайсысына такси қызметіне деп 500 теңгеден үлестірілді. Бүгінгі қайырымдылық акциясына бір жарым милилон теңге жұмсалған.
Количество показов: 1462
Дата создания: 09.06.2017 18:08:05
Tungish10.06.2017 16:35:36
Үкімет пен биліктегілер халықаралық шаралармен басы қатып жатқанда, су тасқыннан зардап шеккендерге көмегін халықаралық Қызыл ай қоғамы көмектесуде. Ұят қайда?! Көмектескен жандарға мың алғыс! Алладан қайтсің!