ЮНИСЕФ қорының өкілдері "Үміт" сәбилер үйін аралады
Бұл сәбилер үйінде балалардың денсаулығын оңалту үшін реабилитолог қарастырылмаған. Бірақ, осы жұмысты қарапайым тәрбиешілер мен дәрігерлер атқарады. Сәбилердің әр тобымен танысқан Юнисеф қорының өкілдері өңірдегі балалар күтімінің жақсы екеніне тоқталды. Қазір "Үміт" сәбилер үйінде 57 бала тәрбиеленіп жатыр. Оның 27-ісінің мүмкіндігі шектеулі. Айта кетейік, бір өкініштісі биыл тастанды балалар саны артқан. Мәселен, өткен жылы 2 айда 2 бала ғана сәбилер үйіне келсе, биыл 9 баладан ата-анасы бас тартқан.
Количество показов: 1393
Дата создания: 17.02.2016 18:30:07