Әйтеке би ауданында өткен тендерлер тексерілуде
Қазір облыстық прокуратура нысанаға алған істердің бірі - "Шаңырақ" жеке мектебіне қатысты. Ресейлік телеарналардың бірі "Шаңырақ" жеке меншік мектебінің бас директоры Галина Думанскаяны Ресей оқушыларына мектеп бітіргендігі туралы заңсыз куәлік берді деп кінәлады. Облыс прокуратурасы енді Ақтөбедегі жеке мектептердің бәрін тексеруге алды. Жеке меншік мектеп директоры Думанскаяның өзінен жауап алу әзірге мүмкін болмай тұр. Ол Мәскеуде. Ал 21-ші тамызда Әйтеке би аудандық ауруханасының 37 жастағы бас дәрігері Байназар Шагиров қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінен асылып тұрған күйі табылған болатын. Ақырғы хатында ол өзінің өліміне екі адамды кінәлап кеткен еді. Қайғылы жағдайға Әйтеке би ауданында өткен тендердің қатысы бар екені айтылған. Қазір Әйтеке би ауданының денсаулық сақтау бөлімінде тендерге қатысты құжаттар тексеруге алынған. Ал аудан әкімі Аманғали Бердалин мен аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Жақсылық Қасымовтар іс бойынша куәгер ретінде жауап беруде. Мұнайдың айналасындағы қылмыстарға да тоқтам болмай тұр. 5 адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ иесіз жатқан мұнай кенішін күзетуді міндеттеріне алғаны жөнінде жалған құжат жасап алып, шикізатты шетел асырып отырған. Ақтөбенің мұнайы Малдова мен Украинаға теміржол арқылы заңсыз тасымалданғаны туралы деректер бар. Жыл басталғалы 54 қылмыстық іс қозғалған. 37 адам жазаға тартылды. |
Количество показов: 1986
Дата создания: 02.10.2013 18:50:29