Тоғызқұмалақтан республикалық турнир басталды
Ақтөбеде тоғызқұмалақтан Шығанақ Берсиев атындағы республикалық турнир басталды. Биыл 9-мәрте өтіп жатқан жарысқа Өскемен, Орал, Шымкент, Қызылорда, Қостанай, Астана, Ақтөбе қалаларынан командалар қатысуда. Биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған республикалық турнирге тоғызқұмалақтан облыс чемпионы Нұрбек Қабиев те қатысып жатыр. Ол 2010, 2011,2012 жылдардағы тоғызқұмалақтан республика чемпионы. Бұл жарысқа сондай-ақ тоғызқұмалақтан әлем чемпиондары қызылордалық Әсел Далиева мен Оңтүстік Қазақстаннан келген Ғалымжан Темірбаев та қатысуда. Бүгін ашылған жарыс бесінші қазанға дейін жалғасады. Негізгі ойындар ертең өтеді. Турнирге қатысушылардың жасына шек қойылмаған. Айта кетелік, былтыр Шымкент қаласында өткен тоғызқұмалақтан республикалық сайыста кубокты Ақтөбе командасы иемденген. Жүлдегерлерге ақшалай сыйақы беріледі. |
Количество показов: 2016
Дата создания: 02.10.2013 18:48:24