Су тасқынына қарсы штаб құрылды
Биыл қалаға қар жылдағыдан 3 есеге артық түсті. Сазды өзеніне жақын орналасқан бау-бақша ұжымдары, Нокин және 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылдары да назардан тыс қалмайды. Өткен жылдың соңынан бері қалалық полигонға 200 мыңнан астам қар шығарылған. Мәскеу ауданының 90 пайызы қардан тазартылса, қазір күш Құрмыш пен Шанхай аудандарына жұмылдырылған. Мамандар тұрғындардан ауласындағы қарларды ертерек шығарып, қамдануды сұрайды. Биыл су тасқынына қарсы атқарылатын жұмыстарға жергілікті бюджеттен 147 млн. теңге бөлінген. Қаржы қар шығару, еріген қар суларын тасу, өзен жағалауларын тазалау мен қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалады. Су тасқынына қарсы қолданылатын 4000 тонна инертті материал дайын тұр. Су тасқынының алдын алуға қарсы жоспар жасалып, арнайы штаб құрылған. Басты мердігер "Тазалық" мекемесі. Қазір қалада 100-ден астам көлік қар тасыса, тағы 30-ы су соруға шықты.
Количество показов: 1591
Дата создания: 26.02.2016 19:23:16