Сот сараптама орталығының директоры сотталды
Барлық келіссөздер мен кездесулер кафеде болған. Нәтижесінде сотталушы 8-ші ықшам аудандағы кафелердің бірінде пара алып жатқан жерінен ұсталды. Мемлекеттік мекеме басшысын пара алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы облыстық департаментінің қызметкерлері тұтқындады. Іс материалдарына сүйенсек, Марал Мұстафа кінәсін толық мойындамады. Осы жылдың ақпан айында болған оқиғаға бүгін соңғы нүктесі қойылып, сот сарапшысы абақтыға қамалды.
Сөйтіп, төртінші мүшел жасына толған Марал Мұстафаға сот залында кісен тағылды.
Айта кетейік, сот үкімі күшіне енген жоқ. Тараптар аппеляциялық шағым түсіре алады.
Количество показов: 1679
Дата создания: 08.08.2016 19:57:44