Халық қалаулылары қала көшелеріне рейд жүргізді
Қалалық әкімдік өкілдері мен мәслихат депутаттары ғимараттар мен оларға тиісті аумақтарды абаттандыру ережелерінің сақталуы, жарнама құрылғылары мен маңдайша жазбаларының заңға сәйкестігін тексерді. Оған қоса, қоқыс жәшіктерінің болуы, түнгі сәндік-сәулелі жарықтандырылумен қамтылуы да басты назарда. Нысан иелеріне 1-2 күн бұрын ескерту жасалған.Бүгін ескерту алған нысан иелері мәселені бір апта ішінде шешулері қажет. Жеті күннен кейін ғимараттар қайта тексеріледі. Еске салсақ қаланың тазалығы мен көркейтілуін бақылайтын 34 жұмыс тобы құрылған.
Количество показов: 1824
Дата создания: 29.11.2016 18:51:01