№21 «Кәусар бұлақ» балабақшасында тағы да шу. Бақшадағы "Жұлдыз" тобының тәрбиеленушісі Санжар Көшековтың тісі сынып, аузының іші жыртылған. Соққыдан беті ісіп кеткен. Баласының жағдайын айтып редакциямызға анасы Анар Өтеулина хабарласты. Жағдайдың қалай болғанынан балабақша тәрбиешілері хабарсыз болып шыққан. Анар Өтеулина жұбайымен бірге баласының жағдайын айтып, Сазды полиция бөліміне шағым түсіргеннен кейін бүгін сот-медициналық сараптама жасатқан. Ондағылар баланың қатты соққы алғанын айтып отыр, дейді Анар. Алайда, нақты қорытынды бірнеше күннен кейін дайын болады. Ал, 3 жасар Санжар Көшеков қазір үйінде тыныш ұйықтап жатыр. Бетінің ісігі де басылған. Ұлының денсаулығына алаңдаған 32 жастағы ана оны қараусыз тастаған балабақша қызметкерлерінің заңмен жазаланғанын қалайды. Кеше баланың жағдайынан хабарсыз болып шыққан тәрбиешілер мен балабақша меңгерушісі бүгін Анардың үйіне кешірім сұрап келіпті.
«Кәусар бұлақ» балабақшасында осыған ұқсас оқиғалар бұған дейін де тіркелген. Тәрбиешілердің бірі балаларды шуламасын деп ауызын скотчтап қойған болатын. Қазір Санжардың жағдайына байланысты қалалық білім бөлімінен арнайы комиссия құрылып, балабақша тексеріліп жатыр.
Количество показов: 2041
Дата создания: 07.12.2016 19:19:19
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>