Көктайғақта құлап, қол-аяғын сындырғандар көп
Қала тұрғыны Нина Барзилова да көктайғақтың құрбаны. Енді бірер күн қолын қозғалта алмай жүреді. Дәрігер оның қолын гипске салып, орап тастады.Мұзға құлап, аяқ-қолын зақымдап алғандар дәлізде де көп. Ләззат Нұрғалиеваны жедел жәрдем бригадасы Жанақоныс ауылынан әкелген. Ал, Анна Нұрмұхамбетова "Нұр Ақтөбе" ауданынан жетіпті. Екеуі де аяқтарын ауыртып алған. Апта басынан бері дәрігерлер 200-ден астам адамның аяғындағы жарақатын таңып берген. Оңбай құлағандардың бірқатары ауруханаға жатқызылды. Ақ халаттылар мұзға тайып, зардап шеккендердің бірден ауруханаға келуіне кеңес береді. Уақыт өткізіп алған науқастардың жарақатын емдеу қиын. Ал, тұрғындар қаланың коммуналдық қызметтері көктайғаққа қарсы ешқандай әрекет етпей отыр деп наразы. Қаланың ішінде де, маңындағы ауылдарда да жылтыраған мұз төрт күннен бері сол күйі жатыр.
Количество показов: 1529
Дата создания: 22.01.2016 19:01:10