Инсулин тапшылығы мәселесі шешіледі
Дәрі-дәрмектің емханаларға уақытында жеткізілуі тез бітетін шаруа емес. Биыл дәрі-дәрмекке қатысты тендер тәртібі өзгертілген. Препараттардың кешігуіне де осы себеп. Инсулин препараты қала емханаларына бүгін толықтай жеткізілуі тиіс. Ал шалғайдағы елді мекендерге дәрі жеткізу ауа-райына байланысты. Аптаның соңына дейін ауылдарға да жетеді. Дәрілердің кешіктірілуіне-елімізде дәрі-дәрмектерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережелеріне өзгерістердің енгізілуі себеп,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары. Тегін дәрі-дәрмек алу үшін ереже бойынша белгілі бір сырқатпен ауыратын науқас жандар тұрғылықты жеріндегі емханада есепте тұруы керек. Мұндай препараттар әуелі гепатит, қант диабеті, туберкулез, онкологиялық аурулар мен ВИЧ-ке шалдыққандарға беріледі. Ресми мәліметтерге сүйенсек, өңірімізде 83 мың адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған.
Количество показов: 1774
Дата создания: 13.02.2017 19:16:57