Қажылар Меккеге аттанды
80-ге жуық ақтөбелік қажылық сапарға аттанып кетті. Қажылар қазанның 15-нде тойланатын Құрбан айт мейрамын қасиетті Қағбаның қасында қарсы алып, айдың соңында елге оралады. Биыл біздің елге қажылыққа бару үшін 4 жарым мың квота бөлінген. Жолаушылар Меккеге Астана немесе Алматы қалалары арқылы барады. Оларға қажылық саяхатты ұйымдастыруға рұқсаты бар 20 туристік фирма қызмет көрсетеді. Жатын орын, ас-су, көлік мәселесімен солар айналысады. Қажылық сапардың құны - 3-4 мың АҚШ доллары. Ақтөбеден қажылыққа аттанған 80 адамның ең жасы 18-де, ал егдесі 80 жаста. Қажылар Құрбан айт мейрамын қасиетті Қағба мен Арафа тауының қасында қарсы алып, айдың соңында елге оралады. |
Количество показов: 2098
Дата создания: 03.10.2013 18:15:50