Ауыл тұрғындары 6 млн теңге несие ала алады
Шағын ғана азық-түлік, тұрмыстық заттар сататын дүкен иесі Мәдина бизнестегі қиындықтары туралы айтып берді. Ол дүкенін 8 жыл бұрын ашып, 20 пайыздық үстемеақымен несие де алған. Дүкен иесінің айтуынша, соңғы жылдары сауда азайып, кәсіпкердің жағдайы күрт қиындаған.
Айта кетейік, жұмыс орнынан қысқарып қалған адамның отбасылық табысы ең төменгі жалақыға жетпесе, ол "Өрлеу" жобасы арқылы қаржы ала алады. Ал кейін "Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020" бағдарламасына жобасын ұсынып, жеке кәсіпкер атануға мүмкіндік бар. Әсіресе, Қарғалы, Сазды, Қурайлы, Новый, Благодар ауылдық округтерінің тұрғындары бағдарламаның жаңа тетіктерін пайдаланып, үй ішінде жеке кәсіппен айналыса алады.
Количество показов: 1470
Дата создания: 19.02.2016 18:37:55