Қалалық мәслихат депутаттары куәліктерін алды
Жиында сайлау қорытындысы жария етіліп, депутаттарға куәліктер тапсырылды. Қалалық мәслихатқа барлығы 23 депутат сайланды. Оның бесеуі әйел. Ал Сұлупан Шынтасова, Асхат Қабиев, Алмагүл Бекенова, Қасымжан Байсадақов, Александр Самойленколар екінші мәрте депутат орындығына отырды. Жаңадан сайланғандардың ішінде Назарбаев зияткерлік мектебінің басшысы Сәуле Өмірбекова мен кәсіпкер Қайыржан Таңатаров бар. Депутаттардың 22-сі "Нұр Отан" партиясынан болса, тек біреуі ғана "Ауыл" партиясынан. Ол облыстық кәсіпкерлік палатасының сарапшысы Нұрлан Махамбетов. Биыл қалалық мәслихат депутаттары 40 пайызға жаңарды. Отырыста қаланың аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы жаңартылды. Қалалық мәслихаттың хатшысы болып Сұлупан Шынтасова сайланды. Қала басшысы Бекбол Сағын қалалық мәслихат депутаттарын құттықтап, жемісті қызмет тіледі.
Количество показов: 1900
Дата создания: 25.03.2016 18:52:09