Қалада отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырағандар үшін оңалту орталығы ашылады
Бұған дейін полиция қызметкерлері отбасылық ұрыс-керістерге араласпайтын. Енді учаскелік инспектор шақыртуға лезде жетіп, бұзақыны құрықтауға құқылы.Тәртіп сақшыларының дерегінше, жыл басынан бері өңірімізде 3000- нан астам әйел отбасында зорлық-зомбылық көрген. 200- ден астам іс сотқа жолданды. Ақтөбеде осыдан бір ай бұрын күйеуінен зәбір көрген әйел ауруханада көз жұмған. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Отбасындағы зорлықтың құрбандары көбіне балалар мен әйелдер. Мейірімі жоқ ата-ана, бауырдан балалар мен жасөспірімдер зәбір көреді. Ал кей отбасында ерлері жауыз. Әйелдерін ұрып-соғады. Мамандар, қаладағы нәзік жандылардың 60 пайызы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтады. Өкініштісі, жағдайын айтып, шағымданатындары тек 10 пайызы ғана.
Ақтөбеде отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырағандар үшін оңалту орталығы салынып жатыр. 100 адамға шақталған орталық келер жылы ашылады. Онда отбасында қандай да бір қорлық көріп, барар жері қалмаған адам 6 айға дейін мекендей алады.
Количество показов: 1753
Дата создания: 06.12.2016 18:21:42
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>