Сегодня: 19.05.2024
Алқа билер сот үкімімен келіспей отыр
Ақтөбеде алғаш рет соттың үкімімен келіспеген алқа билер баспасөз алдында өз наразылықтарын ашықтан-ашық білдірді. Айнұр Құрмантаева мен Анастасия Клесова бес жастағы бүлдіршінді зорлады деп айыпталған Бақыт Молдағариннің ісі бойынша өткен сотқа алқа би ретінде қатысқан. Үкім 5-сәуірде шықты. Айыпталушы 17 жылға сотталып кетті. Шағымданушылардың айтуынша, тергеушілер жұмысында салғырттық көп болған. Алқа билердің кеңесетін бөлмесіне бөгде адамдар кірген. Ал, үкім шығару кезінде судья алқа билерді айыпталушыны кінәлі деп тануға үгіттеген.
Айнұр Құрмантаева мен Анастасия Клесова сот отырыстары кезінде орын алған заң бұзушылықтарды тізіп, облыстық аппеляциялық комиссияға арыз жолдаған. Шағым қабылданды. Молдағариннің аппеляциялық соты болатын күні қаралады.
Количество показов: 1733
Дата создания: 23.05.2016 18:55:45