Ақтөбелік жаөспірімді кішкентайынан бірге өскен досы 4 жыл бойы бопсалаған
Жас баланың өз досынан ақша бопсалау ісін ювеналды сот жақында ғана қараған. Өмір бойы көрші болып, бақшаға, мектепке бірге барған, аулада бірге доп тепкен достардың оқиғасы қайғылы аяқтала жаздады. Судья Майра Үрістембаеваның айтуынша, сотталушы алдымен досының анасының сақинасын ұрлап алған. Кейін жазасыз қалатынын түсінген соң, үйдегі басқа да бағалы заттарды сұрата бастаған. Бопсалаушы досының қысымына шыдамаған бала бір күні анасына қоштасу хатын жазып, суицид жасамақ болған. Бірақ, өз-өзіне қол жұмсап үлгермеген. Әкесі біліп қалған. Баласынан айырыла жаздаған ата-ана сотқа шағымданды. Бірақ, ақыр соңында сотталушыға кешірім берді. Бұл - облыстық ювеналды сотта қаралған көп істердің бірі ғана. Өткен жылы жасөспірімдердің қатысуымен облыста 57 қылмыстық іс жасалған. Басым бөлігі - тонау, ұрлық және бұзақылық баптары бойынша.
Кінәлі жасөспірімдер екі жылға дейін шартты түрде сотталған. Ал, олардың ата-аналары айыппұл төледі. Бұдан бөлек, сотта 121 ерлі-зайыптыны ата-аналық құқығынан айыру туралы іс қаралған. 58-іне сот оң шешім шығарды. 99 жұпқа бала асырап алуға рұқсат берілді. Жасөспірімдерді масаң күйге жеткізген төрт адам, балаға темекі сатқан 13 адам әкімшілік жауапқа тартылды.
Количество показов: 1695
Дата создания: 08.01.2016 17:05:16
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>