Ақтөбеге қуыршақ театрлары келді
Кешелі бері қалада "Ассалаумағалейкум" атты халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі өтіп жатыр. "Ассалаумағалейкум" халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі осымен үшінші мәрте өнер ұжымдарының басын қосты. Биыл оған Орынбор, Тольятти, Татарстанның Набережные Челны, Чувашияның Чебоксары, Болгарияның София және өзіміздің Астана, Петропавл қалаларының қуыршақ театрлары қатысып жатыр. Болгарияның Ақтөбе жеріне алғаш рет келуі. Қонақтарды "Алақай" қуыршақ театры құшақ жая қарсы алды. Бүгін фестивальға қатысушылар жергілікті журналистермен ой бөлісті. Онда жаңа замандағы қуыршақ театрларының ахуалы, өзектілігі, мәдениет саласында алар орны, ұрпақ тәрбиесіне қосып жатқан үлесі сынды мәселелер қозғалды. Қазақ тілді қуыршақ театрларының жайы да сөз етілді. Қалада өтіп жатқан фестивальда сахналанатын қойылымдардың тек біреуі ғана қазақ тілінде. |
Количество показов: 2412
Дата создания: 03.10.2013 18:15:18