Ақтөбедегі тұрғын үйлердің барлығы жылу маусымына дайын емес
Төбесінен су кетіп, жарамсыз үйлердің қатарына іліккен Рысқұлов көшесіндегі №16 үйдің 1-ғимараты осыдан үш жыл бұрын терможаңғыртудан өткен. Ол үшін кондоминиум төрайымы Гүлфара Үкібаева көп жүгіріпті. Дегеніне жеткен кондоминиум басшысы жылу маусымына тұрғын үйдің дайындығын растайтын құжат ала алмай отыр. Алдымен жертөледегі ескі құбыр жөнделуі тиіс. Ал, тұрғындардың қалталарынан көк тиын да шығарғылары жоқ.
Жертөледегі жылыту жүйелері су жылу тораптарына араластырғыш құрылғы арқылы тікелей жалғанған. Бұл ережеге сай емес. Шіріген жылу құбыры мен элеваторды ауыстыруға көмекті Гүлфара Үкібаева енді "Трансэнерго" АҚ-нан сұрамақшы. Ал, шығынды тұрғындардың есебінен түбіртек арқылы төлетсе дейді.
Ескі құбырдың орнына шамамен 120 метр жаңа құбыр салынуы тиіс. Кондоминиум төрайымы Гүлфара Үкібаеваның ұсынысы мамандардың айтуынша, арнайы өтініштен кейін ғана қаралады.
Количество показов: 1689
Дата создания: 08.08.2016 19:59:01