Ақтөбеде өмірде жоқ адамдарды емдеген
Мұндай жағдай қалалық №3 емханада да тіркелген. Прокурорлар тексеру нәтижесінде 5 адамның өлілердің қатарында екендігін анықтаған. Дәл осы қалалық №3 емхана шаһарымыздағы заң бұзушылықтар дендеген денсаулық сақтау мекемелерінің бірі болып тұр. Өлілердің қатарына енген жандардан ақша аямай жүрген дәрігерлердің тірі жанға аяушылығы болмай тұр. Тегін көрсетілетін медициналық қызмет түрін олар осы уақытқа дейін ақылы жүргізген. Оған дәлел - анықталған 49 дерек. Шалқарлықтар да өз емханалары мен ауруханаларында ақылы түрде тексеріліп келген. Жыл басынан бері барлық аудандарда науқастардан негізсіз ақша алуға қатысты 208 дерек тіркелген. Ал, мемлекет қаржысына алынған тегін дәрі-дәрмектер кей аудандарда мүлдем берілмеген. Абзал жандар науқастарға "дәрі жоқ" деген сылтау айтыпты. Бұдан бөлек емдеу мекемелерінде арнайы сертификаты жоқ ақ халаттылар еш алаңсыз жұмыстарын жасай берген. Облыс прокурорлары тексеру кезінде дәл осындай 20 деректі тіркеуге алған.
Количество показов: 1454
Дата создания: 23.12.2015 19:00:46