Ақтөбе облысында 14 миллион гектар жер пайдаланылмай жатыр
Бос жатқан жерлерді мал шаруашылығын дамытуға пайдалану керек. Мұхтар Жұмағазиев бұл ретте шаруаларға мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысуды кеңес етті. Биыл әкімдік ақтөбелік диқандар мен мал өсіретін қожалықтарға 1,5 миллиард теңге субсидия төлеуді жоспарлап отыр. Шағын шаруалар малы мен техникасын біріктірсе, мемлекеттік көмек алу қиын емес. Жиында сондай-ақ, тұрғын үй салуға берілетін жер телімдері сөз болды. Қазір облыс бойынша 159 мың адам жер учаскесі кезегінде тұр. Оның 101 мыңы - қалада. Мұхтар Жұмағазиевтің айтуынша, бір азаматтың жер сұрап, бірнеше мәрте арыз берген жағдайлар кездескен. Тізімде 1-2 жыл бұрын қайтыс болған адамдар бар. Мұндай олқылықтар жер кезегінде тұрғандардың электронды базасын жасау барысында анықталып жатыр. Ал, үй салу мақсатымен жер алып, оны сатып пайда табам деушілердің ойы қате. Заң бойынша, мемлекет әр адамға жерді алдымен 3 жылға жалға береді. Осы уақыттың ішінде үй тұрғызылмаса, мемлекетке қайтарылады. Мемлекеттік орган, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен белсенді топтан құралған үшжақты комиссия екі жиынды өткізіп, кезекті кездесу ертеңге белгіленді. Тараптар жерді пайдалануға қатысты ойларын ортаға салады.
Количество показов: 1659
Дата создания: 19.05.2016 17:10:29