Ақтөбе мен Орынбор арасында әуе қатынасы ашылады
Енді ресейліктер Ақтөбенің ағынан ауыз тиетін болады. Жергілікті кәсіпорынның сүт өнімдері көрші Орынборда сатылымға шығатын күн жақын. Екі тарап мұндай келісімге "Ақтөбе Инвест-2013" 1-ші халықаралық инвестициялық форум кезінде қол жеткізді. Форумның тағы бір жаңалығы- Ақтөбе мен Орынбор және Орск арасында әуе қатынасы қайта жаңартылады. "Қазан айында ұшып келетін боламыз" деді форумға қатысқан Ресей Федерациясы Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг. Ақтөбеден бөлек, Орал, Қостанай секілді қалаларға ұшу бағыттарын жаңарту мәселесі көтерілді. |
Количество показов: 1698
Дата создания: 02.10.2013 18:49:32