Қандай да бір ауруға қарсы екпе салдыртпайтындар қатары өңірімізде 1800-ге жетті. Соның 700-і туғалы бір де бір рет вакцина алмаған бүлдіршіндер. Бұл балалардың ата-аналары иммундаудан бас тартқан. Әсіресе Алға, Мұғалжар, Шалқар, Темір, Байғанин аудандарында мәселе күрделі. Қалада да жағдай оңып тұрған жоқ. Бүгін аурухана, емханалар бас дәрігерлерінің орынбасарлары, иммунолог, эпидемиолог дәрігерлер мен имамдар дөңгелек үстел басына жиналып, осы мәселені шешудің жолдарын қарастырды. Қалалық мешіттің бас имамы Серікжан Еншібай денсаулығыңды дәрігерге тапсыру дініңді сатқандық емес дейді. Адамзат ең басты құндылық. Оның аман-саулығы маңызды. Иммундау- денсаулық сақтаудың ең тиімді, сәтті жолдарының бірі. Екпе салдырудың арқасында жылына 3 миллион адамның өмірін сақтап қалуға болады.
Баланы қорғау ата-ананың парызы. Вакцинациялаудан жалтарған адам өзімен қоса айналасындағылардың да басын бәйгеге тігеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық қауымдастық облыс тұрғындарын уақытылы екпе алуға шақырады.
Количество показов: 1561
Дата создания: 15.02.2016 18:33:39
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>