180 бала президент шыршасына қатысты
Президент шыршасына 200-ге жуық бала жиналды. Олар мүмкіндігі шектеулі, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, патронаттық, қамқоршылық, қорғаншылық тәрбиедегі және жоқ-жітік отбасы балалары. 9 бен 13 жас аралағындағы оқуда үздік, көшбасшы, зерек оқушылар іріктелген. Шырша жанына жиналған балаларды мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады. Президент оларға үлгілі де үздік оқушы болыңдар деп тілек айтты. Биыл президент шыршасы "Жаңа жылдық Жібек жолы" ертегі қойылымы желісімен өтті. Өңірдегі барлық өнер ұжымдары атсалысты.
Количество показов: 2021
Дата создания: 24.12.2015 17:51:03