15 қазанға дейін қала жылумен қамтылады
Бүгін жылу маусымы басталды. Алғашқы лекте денсаулық сақтау, білім мекемелері жылытылады. Үш күн көлемінде бұл іс тындырылып, тұрғын үйлерге кезек келеді. "Трансэнерго" АҚ бас инженерінің орынбасары Айтбай Дауылбаевтың айтуынша, ерте қамдану өз нәтижесін беруі тиіс. Ақтөбеліктерге жылу мерзімінен бұрын қосылуы мүмкін. Қала жылу маусымына 100 пайыз әзір емес. Соған қарамастан жылу тарату жұмыстары басталды. Үш күн бойы ауруханалар мен емханалар, балабақша, мектептер толықтай жылумен қамтылуы тиіс. Ерте қамданғандар ұтады. Қазіргі таңда тұрғын үйлердің 1192- сі дайындық төлқұжаттарын әзірлеп, жылу мекемесіне сұраныс түсірген. Бірқатар көпқабатты үйлердің құжаты тұрғын үй инспекциясының қарауында жатыр. Жалпы 1500 баспанаға қазанның 15-не дейін толықтай жылу берілуі тиіс. Алайда мамандар бұл шаруаны биыл мерзімінен бұрын аяқтауды жоспарлап отыр. Жылуды үнемдеп, шығынды азайту мақсатындағы жөндеу жұмыстары тәмам. Айтбай Дауылбаевтың айтуынша, бірқатар магистральды құбырларды гидравликалық сынақтан өткізу жұмыстары жалғасуда. |
Количество показов: 2475
Дата создания: 01.10.2013 18:46:25