Жолақы 80 теңге болады
Бізде жол ақысы 2015-ші жылдан бері қымбаттамаған. Сол 2015-ші жылы жол ақысын 20 теңгеден 55 теңгеге өсіретін уақытта қала әкімдігі мен "Автопарк" мекемесі арасында бірнеше талаптар көрсетілген келісімшарт жасалды. Сол талаптар әлі орындалмай келеді. Жолаушы тасымалымен айналысатын қос мекеме де талапқа жауап бере алмайды. Қала халқының саны 485 мың адам. Соның 200 мыңға жуығы ғана қатты тұрмыстық қалдықты жинау қызметі үшін ай сайын ақы төлеп отыр. Қалғандары қызмет ақысын төлеуден жалтарады. Бұрынғы қаланы қоқыстан тазартушы кәсіпорындардың тарайтыны тарап, жабылатыны жабылды. Қалғаны және қайтадан құрылғанын қосқанда қазір тұрмыстық қалдық жинаумен айналысатын 3 мекеме бар. "Нео+", "Таза лайф" және №27-ші басқарушы компания. Олар да қоқыс шығару тарифін жан басына шаққанда пәтер тұрғындарына 180, жер үйдегілерге 200 теңге қылып өсіруді сұрады. Депутаттар қолдады. Одан бөлек, Ақтөбені жағымсыз иістен арылту жұмыстары жалғасып жатыр деді әкім. 2016-шы жылы кешенді жоспар құрылған болатын. Әуел баста 200 мың тұрғынға есептелген кәріз тазарту жүйелерінің қызмет еткеніне 40 жылдан асқан. Қазір қала халқының саны екі есе өсті. Алдағы уақытта кәріз жүйесі не қайта жабдықталады, не жаңадан салынады. Техника-экономикалық негіздемесін жасауға облыстық, қалалық бюджеттен 16 миллиард теңге бөлінген.
Количество показов: 1081
Дата создания: 28.08.2018 18:33:42