Қазгидромет: Ақтөбе су тасқыны қаупі жоғары аймақ
Күн ұзарып, ауа температурасы көтерілетін көктем мезгілін кім жақсы көрмесін?! Әрине, жер көгеріп, жыл жаңаратын бұл уақыттың өзіндік әсемдігі бар, бірақ көктемнің машақаты да аз емес. Солардың бірі – су тасқыны. Ақтөбе қауіпті аймақтардың біріне кіріп отыр. Мамандар өңірдегі су-тоғандар бақылауда, деп сендіруде.Су тасу – қардың еруі, жаңбыр салдарынан немесе су өткізуші бөгеттердің бітелуі салдарынан өзен, көлдердің су мөлшері көтеріліп, біршама аумақты су басып қалуы мүмкін. Сондықтан өзен-көл бетіндегі мұздың қалыңдығы мен судың деңгейін күнделікті бақылап отырмыз, дейді мамандар.Мамандардың айтуынша, әзір қауіптенуге негіз жоқ. Қарғалы өзені мен Ақтөбе су қоймаларындағы су мөлшері нормаға сай. Күн күрт жылып, қар ерісе жағдай өзгеруі мүмкін. Мысалы Ақтөбе су қоймасы 279 млн текше метр суды көтере алады. Ал бөгетте шамамен биыл 170 тен 245. милион текше метр су жиналады деген болжам бар. Мамандар қазір синоптиктермен бірге елді мекендерді аралап, қардың қалыңдығы мен топан су басу қаупі бар учаскелерді тексеріп жүр. Әйтсе де, сақтықта қорлық жоқ. Жауаптылар алдыңғы жылдардағы төтенше жағдайдан сабақ алуы тиіс. Еске сала кетейік, былтыр Қобда ауданын сел басты. Қызыл су көптеген үйлер мен аулаларды толығымен жайлады. Тұрғындар мал-мүлкімен қоса эвакуацияланды.
Количество показов: 553
Дата создания: 06.03.2024 23:44:41