Жамбыл облысынан 177 тонна өнім жеткізілді
Саудагерлер тауарларының өткеніне қуанып жатқанда ақтөбеліктер әкелінген өнімдердің бағасына наразылық білдірді. Тұтынушылардың көңілінен шықпады. Тұрғындардың айтуынша, жылы жақтан жеткізілген ет, көкөніс пен жемістер құны жергілікті базар ақысымен тең. Оған қоса жамбылдық тауарлардың сапасы нашар. Жамбылдықтар ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын осындағы әріптестері белгілегенін айтады. Балықтар сатылып жатқан орындарды да ақтөбелік мамандар даярлап қойыпты. Жәрмеңкеде Жамбыл облысының өнерпаздары өнер көрсетті. Өңірге ғана емес елге танымал әншілер мен өнер қайраткерлері халық әндерінен шашу шашты. Өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Ақтөбеде ертең де өтеді.
Количество показов: 1596
Дата создания: 18.03.2017 19:14:02