Вокзалда ұмыт қалдырылған қораптар құтқару қызметтерін аяқтарынан тік тұрғызды
Өткен жұма күні "Ақтөбе-Алматы" бағытындағы №34 пойыз жарты сағатқа кешіктірілді. Оған теміржол вокзалында белгісіз біреу қалдырған күдікті қораптар себеп болған. Көлемі орташа екі қорапты кешкі сағат сегіздерде бірінші болып вокзал кезекшісі байқаған. Дабыл беріліп, құтқару қызметтері аяқтарынан тік тұрғызылды. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жолаушылар мен вокзал қызметкерлерін дереу қауіпсіз аумаққа көшірді. Оқиға өткен жұма күні кешкі сағат сегіздер шамасында орын алған. Вокзал кезекшісі перроннан иесіз қалған екі қорапты байқап қалады. Көлемі орташа қораптардан бірден сезіктенген ол, вокзал басшылығына, ал вокзал басшылары ішкі істер бөліміне хабар береді. Осы уақыт аралығында заттарымды ұмыт қалдырдым деп бір де бір адам қораптарға жақындамаған. Қораптардың иесі әлі күнге табылған жоқ. Ал сол күні жолаушылар "Ақтөбе-Алматы" пойызына вокзал алаңынан емес, көпір астынан мінуге мәжбүр болды. Бұл темір жол вокзалында жыл басынан бері орын алып тұрған екінші жағдай. Бұған дейін вокзалда жолаушы ұмыт қалдырған қорап ішінен көліктің қосалқы бөлшектері анықталған болатын. Ол уақытта да вокзал басшылығы қауіптің алдын алып, құтқарушылар мен тәртіп сақшыларын көмекке шақырған болатын. |
Количество показов: 2021
Дата создания: 17.06.2013 18:19:37