Тимур Құлыбаев кәсіпкерлер палатасының мүшелерімен кездесті
Жиында мемлекеттік сатып алу жайы да сөз етілді. Тимур Құлыбаевтың айтуынша, елімізде тауарлар мен қызметтерді сатып алу әрекеті баяулаған. Ол мұны қаржылық дағдарыспен байланыстырды. Және тағы да кәсіпкерлерді белсенділікке шақырды. Жергілікті тауар өндірушілер әкімдіктің мемлекеттік сатып алу байқауларына қатыса алатындай, бәсекеге қабілетті тауар шығаруға мүдделі болуы керек.
Кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы аймақтық бөлімшелерге тапсырма берді. Ол - өңірдің даму картасын құру. Картаға Ақтөбе облысының кәсіпкерлігін дамыту бойынша нақты жобалар енгізілуі тиіс. Әр жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі және тым болмаса маркетингтік зерттеулері болуы керек, деді Тимур Құлыбаев.
Количество показов: 1999
Дата создания: 31.03.2017 11:57:06