"Тәуелсіздік толғауы" мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды
Бас жүлде Тарлан көпсалалы колледжінің студенті Наурызбай Асылбекке бұйырды. Ал бірінші орынды №36-шы мектептің 10-класс оқушысы Әлмұхамбет Көнекбаев алды. Ес танығалы өлеңді сүйген бала патриоттық, лирикалық тақырыптарға қалам тербеп жүр. Сауда, ойын-сауық орталығында өтен концерт "Тәуелсіздік ерлік жолында" деп аталады. Шығармашылық академиясы Қазанғап атындағы балалар өнер мектебімен бірлесе ұйымдастырған. Халық аспаптар оркестрлері халық күйі "Сарыөзен", Абайдың "Торы жорға" күйлерін орындап, "Қазағым-ай", "Мәңгілік ел", "Көк тудың желбірегені", "Қазақстаным" әндері шырқалды. Түрлі ұлттың билер биленді. Кішкентай өнерпаздар бар шеберліктерін салып, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Количество показов: 1419
Дата создания: 16.12.2017 19:08:51