Бекеттерде газ қондырғысын орнатып, бірақ тіркеуге алынбаған көліктерге көгілдір отын құйылмайды. Сенбіде басталған акция облыстың 112 газ құю бекетінде жүзеге асырылады. Ақтөбеде 37 500-ден астам көлік газбен жүреді. Бұл тіркелгендер. Тіркелмегені қаншама. Аймаққа желтоқсанда 9000 тонна әлеуметтік газ бөлінген. Ертең темір жол көліктері үшін отын осы жылға соңғы рет жеткізіледі. Ал, автокөліктерге 31 желтоқсанға дейін тәулігіне 130 тонна жеткізіліп отырады. Облыста қазір күн сайын 350 тонна көгілдір отын тұтынылады. Мамандардың сөзінше, жыл соңына дейін тағы газ тапшылығы болуы мүмкін. Акция екі айға дейін созылады. Мамандардың сөзінше, екі күннің ішінде көптеген көліктің тіркеусіз жүргені анықталған. Газ тапшылығы осыдан туындап отыр. Шара жыл басында аймаққа сұралатын көгілдір отын көлемін көбейтуге мүмкіндік береді.
Көлікке газ баллонды құрылғыны орнату үшін облыстық әкімшілік полиция басқармасына өтініш түсіру керек. Қажетті құжаттарды даярлағаннан кейін, қауіпсіздікті тексеру мақсатында аккредиттелген мекемелерге жіберіледі. Желтоқсанның басынан бері 25 газ құрылғысы бар тіркелмеген 25 көлік анықталған. Барлық темір тұлпар иелеріне әкімшілік айыппұл салынған. Өңірімізге көгілдір отын "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" және "Қазақойл" компаниялары арқылы жеткізіледі. 9000 тоннаның 8000-ы Жаңажол кен орнынан жеткізіледі. Келесі жылдың қаңтарында облысқа 9500 тонна газ бөлінуі мүмкін.
Количество показов: 1291
Дата создания: 25.12.2017 18:50:29
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>