Студент қызды зорлап кете жаздады
Студент қыз өзін зорламақ болған күдіктінің уысынан аман құтылды. Оқиға таңғы қараңғыда болған. Оқуына бет алған қыз бала теміржолдың шетімен өтпек болыпты. Ал қаскүнем қараңғыны пайдаланып, арам ойын жүзеге асыруға тырысқан. Абырой болғанда қызды кездейсоқ жүргінші кісі арашалап қалды. Он сегізге енді толған қызды абыройынан айыра жаздаған азаматтың жасы қырықта. Бұрын сотталған. Оқиғадан кейін төрт күннен соң тұрғылықты мекен-жайы бойынша Мәскеу ауданында ұсталды. Полицияға еш қарсылық көрсетпеген. Сол күні өзінің ішімдік ішкенін де мойындапты. Күдікті қаладағы серіктестіктердің бірінің жұмысшысы. Ажырасқан, балалары бар. Одан зардап шегушінің жеке заттары айғақ ретінде тәркіленді. Алагеуімде студент қызды ырқына көндіре алмаған жігіт ағасы оны тонап кетсе керек. Тәртіп сақшылары енді студенттерге қараңғы, көзден таса жерлерге жоламауды ескертеді. Биылдыққа Ақтөбе теміржолында осындай екі дерек тіркелген. Екеуінде де күдіктілер қыз зорлауға әрекет жасаған. Алғашқы жағдай пойыз ішінде болған. |
Количество показов: 2204
Дата создания: 15.11.2013 18:41:33