Әскери қыз-келіншектерге құрмет көрсетілді
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Сейіткерім Арапбаев алдымен әскерге шақырту кезінде бозбалаларды тексеруден өткізетін дәрігерлер қауымын құттықтады. Ақ халат киген бұл жандар былтыр 10 мың жігіттің ішінен еліміздің армиясына ең мықты, ең жүректі екі мыңға жуық сарбазды іріктеп, әскер қатарына қосқан. Өз міндеттерін мүлтіксіз орындаған мамандарға бүгін алғыс жарияланды. Әскери қыз-келіншектер бүгінгі мерекеге орай, әскери формаларын шешіп, салтанатты жиынға әдемі көйлектерін киіп келген. Мекеменің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдерінде 166 нәзік жанды еңбек етеді. Оның 15-і әскери қызметкер. Үшеуі - офицер. Ақмарал Сапарованың қорғаныс саласында жүргеніне - 9 жыл. Департаменттің өзіне 8 ай бұрын ауысқан. Ефрейтор шені бар. Екі баланың анасы. Мереке иелерінің бәріне алғыс хат, гүл және сыйлық тарту етілді. Департамент басшысы сондай-ақ, әрбіріне сыйақы тағайындау туралы бұйрық шығарған.
Количество показов: 1663
Дата создания: 07.03.2017 18:45:10