Шырша саудасы басталды
Ресейдің Ульяновск қаласынан әкелінген табиғи шыршалардың ең арзаны "Алтай" базарының алдында 2 мың теңгеден сатылып жатыр. Биіктері 3 мың теңгеден асады. Шыршалардың қылқаны қалың, әдемі. Сатушылар соңғы бес күнде 30 шақты шырша саттық дейді. Шырша ойыншықтарын да сол жерден табуға болады. Ал қаладағы басты алаңдар мен сауда орталықтарының алдына жаңа жыл мерекесінің басты нышаны орнатылып жатыр. Облыстық әкімдік алдындағы алаңда құрылған қаланың бас шыршасы бүгін кешке жағылады.
Количество показов: 1147
Дата создания: 20.12.2017 18:27:48