"Жаңа жылға шаңғы жолымен бірге барайық". Өткен сенбіде шаңғы тебуден қысқы маусым ашылды. Маусымашарда жасөспірімдер, ересектер және зейнеткерлерден құралған бірнеше топ салауатты өмір салтын насихаттап бұқаралық жарысқа шықты. Кірпішті ауылында өткен жарыста 200 шаңғышы 50 метр қашықтықтан 2000 метр қашықтыққа дейін бақтарын сынады. Шаңғышылар 4 топқа бөлінді. Жарысты "ерекше балалар" тобы бастады. Олар ата-аналарымен бірге 50 метр қашықтықты бағындырды. "Шаңғы тебеміз!" ұранымен 1000 метр қашықтыққа мектеп оқушылары жарыса жөнелді. Үшінші жүгіру тобында студенттер жолға шықты. Қыздар 1000 метр, ерлер 2000 метрге дейінгі аралықта шаңғы тепті. Ал, "Олимпиадалық шаңғы" тобында шаңғы спортының әуесқойлары өнер көрсетті. Олар 40 жастан асқан ересектер және зейнеткерлер. Ұйымдастырушылардың айтуынша осы маусым өзгеше болады. Шаңғышыларға шаңғы жолында еш кедергі болмады. Жол тегіс, жүгіруге ыңғайлы. Бұл жарыста бақ сынағандар алдағы додаларда да өңірдің намысын қорғамақ. Шаңғышылар ақтөбеліктерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Мәреге бірінші болып жеткендер түрлі номинациялар бойынша медальдармен, грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, жеңімпаздар арнайы қызметтердің сертификаттарына ие болды. 2019 жылдың 5-6 қаңтар күндері қалада шаңғы спортынан облыстық чемпионат өтеді.
Количество показов: 1401
Дата создания: 24.12.2018 18:27:58
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>