Отшашулар сататын дүкендер бақылауға алынды
Рұқсат қағазы бар сауда орындарындағы пиротехникалық заттардың құны 15 теңгеден басталады. Қалтасы көтеретіндер 150 мың теңгеге де таба алады. Қытайда шығарылатын бұйымдардың 200-ден астам түрі бар. Ал, базарлардағы сауда мерекеге бір апта қалғанда қыза түседі дейді мамандар. Апта соңына таман олар базар маңы мен ішін тексермекші. Базар әкімшіліктері мен саудагерлерге қатаң түрде ескерту жасалып, болмаса тәртіп сақшыларымен бірге пиротехникалық заттарды тәркілейді. Әкімшілік жаза қолданылады. Дегенмен, қала тұрғындарының дені арнайы орындардан емес, базардағы өнімдерді сатып алуға құмар. Себебі бағасы арзан. Халық көп жиналатын орындар жыл сайын өрт қауіпсіздігіне жауапты мамандардың қатаң бақылауында. Әйтсе де, олар ақтөбеліктерге қарапайым ережелерді сақтап, өз өмірлеріне жауапты болу қажет екенін ескертеді.
Количество показов: 2220
Дата создания: 20.12.2016 19:10:07