Облыс әкімі "Ақтөбе" футбол клубының ойыншыларымен кездесті
Футболшыларды қаражат мәселесі емес, ел біріншілігінде сапалы, нәтижелі ойын көрсету ойлантсын. Бүгін жергілікті "Ақтөбе" футбол клубының басшылығы және ойыншыларымен кездесуі кезінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов осылай деді. Футболдан ел біріншілігі басталғалы, жергілікті команданың ойыны жанкүйерлерінің көңілінен шығып жүр. Бірақ, "болдым-толдым деуге" ешбір негіз жоқ. Аяқ допшылар ойын тактикасын бұрынғыдан да жақсарта түсуі керек. Себебі, алда Еуропа Лигасының іріктеу кезеңі секілді үлкен дода тұр деді бүгін футбол клубымен кездесуі кезінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. "Ақтөбе" - Қазақстан футболының бренді деген тіркес қалыптасқаны бар. Бірақ, өзге клубтар секілді қаражатты оңды-солды шашуға негіз жоқ екенін өңір басшысы қадап айтты. "Қайрат"секілді қомақты бюджеті бар клуб болмағанымен, футболшылардың нәтижелі ойын көрсетуі үшін барлық жағдай жасалатынын айтты. Команданың бас жаттықтырушысы Владимир Никитенкоға ойын техникасын күшейтіп, команда сапына жергілікті жастарды тартып, селекциялық жұмыстарды жиі өткізуді тапсырды. Ойын кезінде шабуылдан осалдық танытып жүрген жергілікті команда бұл мәселені клубтың сапына жаңа ойыншы алумен шешіпті. Таныс болыңыздар, Сергей Давыдов. Клуб басшылығы футболшыны бір жылға жалға алған. Шабуылшы Давыдов сегінші нөмірлі ойыншы ретінде алаңға шығады. 27 жастағы ресейлік футболшы әр жылдары "Кубань", Рубин, "Динамо" командаларының сапында ойнаған. Бүгінгі кездесу кезінде "Ақтөбенің" бұрынғы капитаны Самат Смақов туралы да сөз болды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов "бірде-бір футболшы осы күнге дейін "Ақтөбенің " жетістігі үшін дәл Самат Смақовтай еңбек еткен жоқ" деді. "Қайратқа" қабылданған Смақовқа сәттілік тіледі. Саматтың таңдауы түріктің "Ризеспорына" түскенде шетелдік клубқа тегін бергенімен, қазақстандық тарап қайта сатып аларда Самат Смақов үшін қомақты қаражат сұрағаны айтылды. |
Количество показов: 2047
Дата создания: 18.06.2013 19:56:06