Нәресте домбыраны сыйға алды
Үзілдік Сәрсенбаева сәбиін 1-шілде күні сағат 00-55-те босанған. Бұл оның екі қыздан кейін көрген ұлы. Нәрестенің салмағы 3 келі 300, бойы 51 сантиметр, дені сау. Есімін әлі қоймаған. Перзентхананың бас дәрігері Асхат Балықов сәбиге күй атасы Құрманғазыдай күйші болсын деген ырыммен домбыра тарту етті. Хромтау ауданы, Ақжар ауылында тұратын Сәрсенбаевтар әулетіне домбыра таңсық емес. Отағасы ұлттық аспаптың құлағында ойнайды екен. Енді ұлы домбыраның қоңыр үнін естіп өседі. Шілденің бірінде түнгі он екіден түскі он бірге дейін бұл орталықта 8 бала туылған: бесеуі - ұл, үшеуі - қыз.
Количество показов: 1305
Дата создания: 02.07.2018 19:09:32