Маресьев көшесінде көлік қозғалысы жанданды
Ал, бесінші ықшамаудан көпіріндегі құрылыс қарқын алған. Көпірдің орта тұсы түгел опырылып, қазылып жатыр. Көпір астынан туннель салынады. Ол туннель Тургенев пен Сейітов көшелерін жалғайды. Байқағанымыз, көпірдің жанынан салынған, тек жолаушылар автобустарының жүруіне рұқсат етілген жаңа жолмен қазір өзге көліктер де қатынап жатыр. Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы Дәурен Андашев бұл ереже бұзу дейді. Тиым салынғанына қарамастан, аталған жолға бағыт алған көлік иелеріне айыппұл салынады. Инспекторлар сондай-ақ, жолды күтіп-ұстау талабын орындамаған лауазымды тұлғаларды жауапқа тарта бастады. Жыл басынан бері облыста ұзындығы 21 мың шақырым болатын мыңнан астам автомобиль жолы мен жол торабы, 123 темір жол өткелінің жағдайы тексерілген. Түгелге жуығында кемшілік бар болып шықты.
Количество показов: 1127
Дата создания: 09.07.2018 19:25:52