Көп балалы аналар марапатталды
Олардың біреуі -"Алтын алқа" иегері. 43 жастағы Мәншүк Мұхамбетова дүниеге 7 бала әкелген. Мереке қарсаңында марапатқа ие болғандардың бірі 44 жастағы Жанымгүл Бижанова. Бүгін оған қала басшысы күміс алқа тақты. Осындай қуанышты сәтте көп балалы ананың көзінде мұң. Жанымгүл Бижанова осыдан 1 жыл бұрын 14 жастағы қызын жерлеген. "Тірі болса "Алтын алқа" алар ма едім",-деген өкініш бар. Үлкені 9 жаста. Кішкентайы 2-де. 6 баланы тек мемлекеттік жәрдемақының арқасында асырап отыр. Отағасының тұрақты жұмысы жоқ. 6 баланың анасы жастарға үйленбестен бұрын баспаналы болуға кеңес берді. Ақтөбеде 7632 көп балалы ана тұрып жатыр. Олардың 1263-і "Алтын алқа" иегері, 1621-і "Күміс алқа" наградасымен марапатталған. 200-ден астам "Батыр ана" бар.
Количество показов: 1722
Дата создания: 29.11.2017 18:00:36