Өңірде 3 300 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Мың жарымы сал ауруына шалдығып, аутизммен ауыратындар. Олар үшін шаһарда "Аяла" оңталту орталығы ашылды. Бүгін орталықты президент Нұрсұлтан Назарбаев аралап көрді. Балалары емделіп жатқан ата-аналармен кездесті. "Аяла" оңалту орталығы сал ауруына шалдыққан балаларға диагноз қойылған күннен бастап, 3 ай үздіксіз ем алуға мүмкіндік береді. Кейін қажет болған жағдайда 18 жасқа дейін аралығы 10-24 күннен қайталау курстары жүргізіледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеу үшін орталықта барлық жағдай жасалған. Мұнда күн сайын 50 бала оңалту емін ала алады. Мұнда емдік-дене шынықтыру кешеніне арналған 3 зал бар. Орталықта қатерлі ісікке шалдыққан балаларға да ерекше күтім жасалады.
Орталықты «Русская медная компания» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салған. Жоба құны - 500 миллион теңге. Қазір облыста 24 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. 3 300-і бала. Мың жарымы аутизммен ауырады. Жыл сайын сал ауруына шалдыққан, аутизммен ауыратын 50-60 бала облыстағы мүгедектер санын толтырады.
Количество показов: 1606
Дата создания: 16.10.2018 11:09:46
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>