Мақсұт Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатына оқушыларды қабылдау басталды. Бес күндік емтихан қорытындысы бойынша өңіріміздің әр бұрышынан келген 250 баланың тек 44-і ғана іріктелмек. Математикадан бөлек, екінші және үшінші кезеңдерде эссе мен шығарма жазады. Жазу стильдері, функционалдық және тіл сауаттылықтары, жалпы білімділік деңгейлері ескеріледі. Ал ата-аналарға аппеляциялық шағым түсіру үшін әр емтиханнан кейін бір күн уақыт беріледі. Мектепте барлығы 453 бала білім алады. Жатақханада 250 бала жатады. 180 бала ата-аналармен арнайы келісім шарт бойынша қосымша ағылшын курстарына барып жүр. Ал биылғы оқу жылын 163 бала үздік тәмамдады. 35 жас түлектің 32-сі ҰБТ тапсырып, орташа есеппен 100,7 балл жинады. 4 түлек "Алтын белгі" иеленді. Бұл көрсеткіш облыс бойынша Қазақ-түрік лицейінен кейінгі екінші нәтиже.
Количество показов: 1892
Дата создания: 20.06.2016 18:30:52