Борышкер жүргізушілердің көліктері айып тұрағына қойылады
Жол сақшылары тоқтатқан бір көліктің иесі "Трансэнергоға" қарыз. 57 мың теңгені өтеу туралы ескерту жасалғанымен орындамаған. Жол полициясы құрығына түскен жүргізуші қарызын төлеуге бірден келісті.Жылу мен ыстық су үшін борышкерлердің жалпы бережағы 3 млн теңгеден асады. 63 автокөлік жүргізушісі ай соңына дейін анықталып, борышын өтемеген жағдайда темір тұлпарлары айып тұрағына қойлады. Жыл басынан бері 5 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 күнге қамауға алынған. Бұлайша жауапқа тартылып, жазаланған адам бәрібір қарызын өтеуден босатылмайды. Ал, "Трансэнерго" АҚ мамандары бүгінге дейін борышкерлерге ескерту жасап келген. Тіпті, қарыздарын бөліп төлеу секілді жеңілдіктер де ұсынған.
Количество показов: 1253
Дата создания: 16.11.2017 18:18:49