Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын бүгін облыстық әкімдікте өтті. Бүгінгі жиында өз саласының алғырлары, тәжірибелі мамандары бас қосты. Олар - елдің дамуына еңбегі сіңген елеулі азаматтар, ардагерлер, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, ҚР "Жер кодексін" талқылау жөніндегі комиссия мүшелері, журналистер мен қала белсенділері. Бұл айтулы топтың арасында "Рика" медиа тобының директоры Наталья Бандровская мен "Тәулік" ақпараттық бағдарламасының дикторы Гүлбаршын Аққатова да бар. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ербол Нұрғалиев жиналғандардың бәрін "ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапаттады.
Құрметке бөленген белсенділер ақтөбеліктерді мерекелерімен құттықтап, одан әрі де ел дамуына үлес қосуға уәде берді. Айта кетейік "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" медалімен облыс бойынша барлығы 700 адам марапатталды
Количество показов: 1805
Дата создания: 15.12.2016 19:13:45
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>